Италияның Адам Құқығы Федерациясы (FIDU) және Freedom Kazakhstan Фонды (FKF) "Voices of Kazakhstan" бірлескен жобасын ұсынады.

Жобаның мақсаты: халықаралық қоғамдастыққа 2021 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстандағы парламенттік сайлау науқанының барысы және сайлауды бақылау нәтижелері туралы ақпарат беру. Сонымен қатар дауыс берушілер мен бақылаушылар үшін жасалынған Telegram чат-боттарын қолдана отырып сайлау дауыстарын параллель санау.

COVID-19 пандемиясы жағдайында халықаралық қауымдастықтың көптеген бақылаушылары мен журналистері Қазақстандағы 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін парламенттік сайлауға келу мүмкіндігінен айырылды. Сондықтан FIDU және FKF ұйымдары Беларустағы азаматтық қоғамның сайлауды бақылау тәжірибесіне сүйене отырып, Telegram мессенджері негізінде жасалынған қауіпсіз құрал әзірледі. Бұл құрал сайлау бұзушылықтары туралы фактілерді жинау және сайлау күні дауыстарды параллель санау мақсатында жасалынған.

  • @alamankz_bot (бақылаушы чат-боты, https://t.me/alamankz_bot)

  • @baygekz_bot (дауыс беруші чат-боты, https://t.me/baygekz_bot)

Әр чат-ботта "қудалау" / "құқық бұзу" туралы хабарлау арқылы еріктілермен жедел байланыс орнатуға арналған SOS батырмасы қарастырылған.

Чат-боттардың атауы қазақи ат жарыс дәстүрінен алынған. ALAMAN BAYGE - кез-келген жылқының қолынан келе бермейтін алыс қашықтықтық ат-жарыс. Бұл сипаттама Қазақстандағы сайлау алдындағы ахуалды және қоғамның өз таңдауын еркін білдіруге деген ұмтылысын көрсетеді.

Қазақстандағы құқық қорғау ұйымдарының мәліметтері бойынша, парламенттік сайлау науқаны жаппай репрессиялармен қатар жүруде:

  • 117-ден астам саяси астары бар қылмыстық іс, 5 саяси кісі өлтіру.

  • парламенттік сайлауға бір ай қалғанда «қауіпсіздік сертификаты» тестіленіп, нәтижесінде интернет пен әлеуметтік желілер толықтай өшірілді.

  • орталық сайлау комиссиясы бақылаушыларға сайлау учаскелеріндегі заңбұзушылық фактілерін анықтау кезінде видео және фотоға түсіруге шектеу қойылғаны туралы жариялады. Сайлау алдындағы кезеңде және дауыс беру күні сауалнама нәтижелерін жариялауға, пікіртерім жүргізуге шектеу енгізілді.

Осы жағдайларды ескере отырып, FIDU мен FKF бірлестігі 2021 жылы 10 қаңтардағы парламент сайлауының барысы туралы қазақстандықтардың халықаралық қауымдастыққа хабарлауы арқылы сайлау күні дауыс беруді параллель санау үшін жасалынған қауіпсіз құралын ұсынады.

Италияның Адам Құқығы Федерациясы (FIDU) мен Freedom Kazakhstan Фонды (FKF) барлық саяси партияларды, үкіметтік емес ұйымдарды және сайлау бақылаушыларын парламент сайлауына қатысушылардың барлық құқықтарын сақтаудың барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастыққа шақырады.

Telegram-да бақылаушыларды тіркеу “Аламан” чат-боты арқылы жүргізіледі: @alamankz_bot.